Арақтың алдын алу науқанды жұмыс емес. Баршамыз арақтың зияны мен зардабын насихаттап жүрейік, ағайын!
Арақ – барлық жамандықтың кілті. Арақ – әзәзіл шайтанның зәрі.
Арақ – абыройды кетіруші.
Арақ – ағайындыны ажыратушы.
Арақ – ажалдың қармағы.
Арақ – тозақтың шарабы.
Арақ – отбасын ойран етуші.
Арақ – нәпсінің жолдасы.
Арақ – ақылдыны ақылсыз етуші. Арақ – құлшылықтан аластатушы. Арақ – қоғамдағы кесел.
Арақ – зейінді кетіріп, ессіз етуші. Арақ иманды кетіреді.
Арақ ата-анаға құрметті өшіреді.
Арақ ішсең, жасаған дұға-тілегің қабыл болмас.
Арақ – нәжістен (тезектен) жаман, ең лас нәрсе.
Арақ – қылмыстың атасы.
Арақ – дінді құртушы.
Арақ – тарихыңды өшіруші.